ҰБТ-ға шпаргалка алып кірген дұрыс па?
Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу оқушының мектеп бітіргенде алатын бағасы ғана емес, жоғарғы оқу орнына түсуге берілетін мүмкіндік. Яғни, бұл жерде бір адамның болашағы анықталады. Сондықтан, ыңғайы келген жағдайда барлық қолда бар мүмкіндікті пайдалану дұрыс. Мейлі, ол шпаргалка болсын, мейлі басқа құрал болсын.
Шпаргалканың пайдалы тұстары
– Бірқатар адамдар ақпаратты жазу арқылы жақсы есте сақтайды. Яғни, шпаргалка ҰБТ тапсыру сәтінде бір пайдасын тигізсе, жазылу барысында да мидағы ақпаратты толықтыра алады.
– ҰБТ-дағы негізгі пәндердің қатарында математика бар. Ал математиканың формулаға толы екендігін бәріміз жақсы білеміз. Ең білімді, ең үздік деген оқушының өзі формулаға келгенде "қақалып" қалып жатады. Формулалар жазылған шпаргалканың ешбір ағаттығы жоқ. Бесінші пәніңіз физика не болмаса химия болған жағдайда қалтаңызда формула жазылған шпаргалка болуы керек. ҰБТ тапсыру сәтінде бойыңызды қобалжу мен қорқыныш сезімдері билей бастайды, сондайда білгеніңізді ұмытып қалу қаупі бар.
– Кез келген оқушы шпаргалкаға білмейтін ақпараттарын іріктеп жазады. Рас қой? ҰБТ-ға арналған шпаргалкаңыз ерте жазылған жағдайда, бос уақыт туа қалғанда жазылғандарды жиі қайталауға тырысқан жөн. Ал қайталау – білімнің анасы.
– Шпаргалка өзіңіздің қолыңызбен, ізденіс арқылы жазылған болса, сіз ұялатын еш нәрсе жоқ. Есте сақтау қабілетіңіздің нашарлығы үшін өзіңізді де, өзгені де кінәлай алмайсыз. Алайда, жас түлектер мен студенттердің кеңесі бойынша ҰБТ -ға арналған сағат шпаргалкалар өте тиімді екен. Соңғы жылдары Сұрақ жауаптары жазылған шпаргалканың түр-түрін сатып алуға болады.
Яғни, шпаргалкадан барлық сұрақтың жауабын табу мүмкін емес. Жүздің бес-алтауына жауап тапсаңыз да, бағым жанды дей беріңіз. Есіңізде болсын: ҰБТ мен Кешенді тестте, 1-балл ерекше орын алады. Сөз соңында тағы да айтарымыз, шпаргалка деген – мүлде амал болмаған жағдайда ғана сенуге болатын көмекші құрал.
Бұл өмірде барлық мүмкіндіктерді пайдаланған жөн.
Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!